You are here

Баспасөз орталығы

Шығыс Қазақстан облысында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Бүгін ШҚО-ның прокуратурасы Өскемен қалалық прокуратурасының ғимаратында орналасқан Құқық қорғау қызметтері орталығын таныстырды.
 

Пікірлер саны: 0

Жамбыл облысының прокуратурасы облыс әкімдігінің қолдауымен Тараз қаласында Құқық қорғау қызметтері орталығын ашты.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, облыс прокуроры Ибрагим Иманов, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, прокуратура қызметкерлері қатысты.

Орталықта азаматтар шағымдардың қаралу барысы туралы біле алады және жаңа шағымдарды беруде, сот ісін жүргізуде көмек алып, медиаторлармен сотқа дейінгі мәселелерді шеше алады.

Пікірлер саны: 0

Маңғыстау облысында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Орталық Ақтау қаласының 29 ш/а 24 үй мекен-жайында орналасқан.

Пікірлер саны: 0

Ақмола облысында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

14 желтоқсанда Ақмола облыстық прокуратурасы облыс әкімдігінің қолдауымен Көкшетау қаласында Құқық қорғау қызметтері орталығын ашты.

Орталықтың негізгі міндеті шағымдарды тез арада шешу, азаматтардың құқық қорғау органдарына және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, кедергілер мен бюрократияны жою.

Бүгінгі күні прокуратура азаматтарға құқықтық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіре түсу үшін және әрбір адам орталыққа келіп, проблемалары бойынша нақты нәтиже алу үшін жұмыс жасауда.

Пікірлер саны: 0

БҚО Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

     Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі А.Күлгінов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары О.Каржауов, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары мен қоғам өкілдері қатысты.
     Құқық қорғау қызметтері орталығы халыққа және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының ғимаратында орналасқан.

Пікірлер саны: 0

Оңтүстік Қазақстан облысында «Құқық қорғау қызметтері орталығы» ашылды

Салтанатты рәсімге Бас Прокурордың орынбасары М.Ахметжанов, облыс әкімі Ж.Түймебаев және облыс прокуроры Н.Әбдіров, сонымен қатар, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.
Құқық қорғау қызметтер орталығы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында орналасқан.

Пікірлер саны: 0

5 желтоқсанда Талдықорғанда Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды.

Ашылу рәсіміне облыс әкімі А.Г. Баталов, құқық қорғау органдарының басшылары,   қоғам өкілдері және прокуратура ардагерлері қатысты. Облыс прокуроры А.Жылқыбаев жиналғандарды құттықтай отырып, еліміздің барлық өңірлеріндегі Орталықтардың жүйелі түрде ашылуы Ұлт жоспарының 100-ші қадамы құқық қорғау қызметтерін біржерде орналастыру деп аттап өтті. Облыс әкімдігінің қолдауымен салынған Орталық Абылай хан, 113 көшесінде орналасты.

Пікірлер саны: 0

Петропавл қаласында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды.

Мир көшесінде орналасқан Орталыққа келушілерге прокуратура аймағында кедергілерсіз және бюрократиясыз кең ауқымды құқықтық кеңестер ұсынылады.

Пікірлер саны: 0

Ішкі істер министрлігіндегі арнайы топ ҚҚҚО келді.

Ішкі істер министрлігіндегі арнайы топ қызмет көрсетуді жетілдіру және полиция қызметкерлерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуде.Тәжірибені үйрену үшін әріптестеріміз Құқық қорғау қызметтері орталығына келді.

Пікірлер саны: 0

Қытай Бас әскери прокуратураның делегациясы

15 қарашада Қытай  Бас әскери прокуратураның Бас Прокуроры генерал-майор Чжан Даофа бастаған делегация іс сапармен Бас прокуратураға келді. Сапардың мақсаты - екі елдің әскери прокуратуралары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою және Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының қадағалау қызметімен танысу. Олар сондай-ақ Құқық қорғау қызметтері орталығын көріп, Орталықтың жұмысына жоғарғы баға берді.

Пікірлер саны: 0

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.