You are here

Құқық қорғау қызметтері орталығының басшысы Сағатбек Болатбекұлы, Астана және облыстардағы ҚҚҚО жұмысының аралық қорытындылары туралы сұхбат берді.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқық қорғау қызметтері орталығының басшысы Сағатбек Болатбекұлы, Астана және облыстардағы ҚҚҚО жұмысының аралық қорытындылары туралы сұхбат берді. - 1108314000

Астана қаласында ҚҚҚО ашылған күннен бастап екі ай өтті. Осы уақыт ішінде бізге 2,552 адам келіп,1612 жазбаша өтініштер кеңсеге тапсырылды. Прокурорлар 1110-нан астам азаматтарды қабылдады.
Олардың ішінде:
- сотқа дейінгі тергеу – 384;
- әлеуметтік-экономикалық сала – 149;
- азаматтық, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізу-380;
- қылмыстық істер бойынша сот актілері – 148;
- басқа мәселелер бойынша – 49.

Жаңа заң бізді көптеген міндеттерден босатты. Осыған қарамастан, біз азаматтарға өз мәселелерін шешуге көмектесеміз. 97 азаматқа ЭСҚ беріліп, басқа мемлекеттік органдарға - 76 электронды және 155 бейнеөтініш жіберілді. Адвокаттар 175 азаматқа тегін көмек көрсетті. Пробация кабинеті 3 адамға кеңес берді.
Мысалы, бір азаматша жұбайынан алимент алу үшін өтініш білдірді. Қабылдау кезінде, ол жалғыз өзі мүгедек бала тәрбиелеп отырғаны белгілі болды. Бала мүгедек бола тұра, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмей, оның мүгедектігі анықталмаған. Мүгедіктерге тиіс тегін дәрі-дәрмек, мамандандырылған клиникаларда тиісті медициналық көмек ала алмады. Біз Астана қаласындағы Денсаулық сақтау басқармасына өтініш дайындап, Ұлттық кардиохирургиялық орталыққа тексерілуге жібердік. Ағымдағы жылдың 29 тамызында бала медицининалық әлеуметтік сараптамадан өткенде мүгедектігі анықталып, әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Сондай-ақ, біз мүгедек балалардың құқықтарын бұзғандарды жауапкершілікке тарту үшін Астана әкіміне хат жолдадық. Алимент бойынша Ақмола облысы Ерейментау ауданының прокуратурасы көмек көрсетті.
АЙМАҚТАРДАҒЫ ЖҰМЫС туралы.
Жылдың соңына дейін барлық бағыттар бойынша осындай орталықтар ашу жоспарлануда, Ақтөбе мен Қызылордадағы орталықтар өз жұмысын бастады.
Ақтөбе қаласындағы ҚҚҚО-ға 764 азамат, оның ішінде прокурорларға - 153 адам келді. Қызылордада бір ай ішінде 105 адам келіп, прокурорлар 43 азаматты қабылдады.
Қазір Алматы мен Павлодарда құрылыс аяқталуда. 8 облыста жөндеу жұмыстары басталды (ОҚО, СҚО, БҚО, ШҚО, Атырау, Алматы, Қостанай және Жамбыл облыстарында). Қарағанды және Маңғыстау облыстарында лауазымдарға конкурс жарияланды. Ақмола облысында қаржыландыру мәселесі шешілді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.