You are here

Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негізін жаңғырту мәселелері бойынша заң жобасын депутаттар мақұлдады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негізін жаңғырту мәселелері бойынша заң жобасын депутаттар мақұлдады - 736517365

15 қараша 2017 жылАстана.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселесі бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын бірінші оқылымда Мәжіліс мақұлдады.

Заң жобасы Парламент Мәжілісіне Мемлекет басшысының заң шығару бастамасымен енгізілді.

Заң жобасында Қылмыстық-процестік кодексіне, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарына өзгерістер енгізу көзделген.

Бас Прокурор Жақып Асанов заң жобасын таныстыра отырып, тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет тарапынан жасалған еліміздегі қылмыстық хал-ахуалды жақсарту  бойынша шараларға қысқаша тоқталды, атап айтсақ, қылмысты есепке алуды қатаңдату, жазаны ізгілендіру, оның ішінде экономикалық қылмыстар бойынша, түрмедегілердің санын азайту, сонымен қатар жекелеген қылмыстардың санаттары бойынша жауаптылықты күшейту туралы.

«Жалпы алғанда заңдарды жетілдіру бұл тұрақты, тоқтамайтын процесс. Оны терең ойластырып, таразылап, кезең-кезеңімен жасаған дұрыс. Бұл ретте адам құқығы мен қылмыспен күрес арасындағы теңгерім бұзылмауы тиіс», - деп атап өтті Бас Прокурор.

Толығырақ: http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kukyk-korgau-kyzmetinin-pro...

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.